» » «Қазақ әдебиетінің жанашыры – Мардан Байділдаев»

«Қазақ әдебиетінің жанашыры – Мардан Байділдаев»

 №3 кітапханада әдебиетші-ғалым Мардан Байділдаевтың 100 жылдығына орай «Қазақ әдебиетінің жанашыры – Мардан Байділдаев» атты еске алу кеші Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің 6–7 сынып оқушыларымен өтті.
 Шараның мақсаты – Мардан Байділдаевтың өмір жолын, еңбегін және қоғамға қосқан үлесін таныстыру, кәсібилігімен және адамгершілік қасиеттерімен көпшілікке үлгі бола білген тұлға екенін дәріптеу.
 Шара барысында кітапханашы ғалым, әдебиет зерттеушісі Мардан Байділдаевтың қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің тарихын зерттеуге, мұрағаттық құжаттарды жүйелеуге қосқан зор үлесі туралы жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар оның өмірбаяны мен қызметінің негізгі бағыттары таныстырылды.
 Әсіресе, Мұхтар Мағауинмен бірге әйгілі «Бес ғасыр жырлайды» кітабының жарық көруіне құрастырушы ретінде сіңірген еңбегі, сондай-ақ Тұрмағамбет Ізтілеуов аударған «Шахнама» кітабының басылып шығуына тікелей ықпал еткені айтылды.
29 сәуір 2026 ж. 18

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам