» » «Кітапхана – білімнің күн шуағы»«Кітапхана десанты»

«Кітапхана – білімнің күн шуағы»«Кітапхана десанты»

 Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты А.С.Пушкин атындағы орталық кітапхана және №2 балалар кітапханасы «Кітапхана десанты» жобасы аясында Ж.Махамбетов атындағы №43 орта мектепте қонақта болып, «Кітапхана – білімнің күн шуағы» атты танымдық шара өткізді.
 Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты кітапхана қызметімен таныстыру, кітап оқуға қызығушылығын арттыру және білімге деген құштарлығын ояту.
 Кездесу барысында оқушыларға кітапханалардың жұмысы, оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлері, заманауи бағыттағы жобалар мен мәдени іс-шаралар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар кітапты дұрыс таңдау, оны мазмұнды оқу, оқыған шығарма бойынша ой қорыту және кітаппен тиімді жұмыс жасау жолдары түсіндірілді.
 Оқушылар өздері сүйіп оқитын кітаптары жайлы ой бөлісіп, әсерлерін ортаға салды. Кітап оқуға ерекше қызығушылық танытқан жас оқырмандар кітапхана қызметкерлеріне сұрақтар қойып, өздеріне қажетті мәліметтер алды.
 Шара барысында кітапхананың тыныс-тіршілігі мен мүмкіндіктері жайлы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Оқушылардың белсенділігі мен жылы лебізі, кітап оқуға, білімін жетілдіруге, ой-өрісін дамытуға деген ынтасы кездесудің мазмұнды әрі жоғары деңгейде өткенін айқындады.
 
29 сәуір 2026 ж. 21

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам