English club
№12 кітапхана «Коворкинг» орталығында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «English club» атты тіл үйрену клубы ашылып, өз жұмысын бастады. Клуб мүшелері кітап қорындағы ағылшын тіліндегі кітаптарды аудио таспалар арқылы тыңдап, қазақ тіліне жарыса аударып пікірлесті. Караокеге қосылып ағылшынша ән салып, музыка ырғағымен би биледі. Жас оқырмандар кітап қорындағы тіл үйренуге септігін тигізетін үш тілде жазылған әдебиеттермен кеңінен танысып, оқып үйренді.








