«Жыр алыбы Жамбыл»
№10 кітапханада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты поэтикалық марафон болып өтті.
Шараның мақсаты – ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын насихаттау, жас оқырмандардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру және көркем сөз оқу шеберлігін дамыту.
Шара барысында кітапхананың тұрақты оқырмандары Шүкір Айару, Нарбай Әнел, Әшім Арайлым ақынның «Шырағым», «Өсиет», «Жанас ақынға» және өзге де өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермен ықыласына бөленді.
Сонымен қатар «Жыр алыбы Жамбыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерге шолу жасалды.







