» » «Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы»

«Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы»

 №2 Балалар кітапханасы мен Абылай хан атындағы №140 орта мектеп кітапханасының бірлесуімен «Байлықтың ең үлкені – халықтар достығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрменің негізгі мақсаты – оқушыларға халықтар арасындағы достық пен бірліктің маңызын түсіндіру, татулық пен бейбітшілікті насихаттау, сондай-ақ кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
 Көрмеге әр түрлі халықтардың мәдениеті, салт-дәстүрі, тарихы мен әдебиеті туралы кітаптар қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанда өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың достығы, өзара сыйластығы туралы әдеби шығармалар мен танымдық басылымдар кеңінен таныстырылды. Кітаптар арқылы оқырмандар халықтар арасындағы ынтымақтастықтың, келісім мен бірліктің қоғамдағы маңызын терең түсіне алды.
 Іс-шара барысында оқушыларға көрмеге шолу жасалып, тақырыпқа байланысты қызықты мәліметтер берілді. Сонымен бірге, әр ұлттың ертегілерімен, салт-дәстүрлерімен  таңыстырып, пікір алмасулар ұйымдастырылып, балалар өз ойларын ортаға салды.
30 сәуір 2026 ж. 20

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам