«Бейбітшілік-ел тірегі»
№18 кітапхананың ұйымдастыруымен 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне орай «Бейбітшілік-ел тірегі» атты мерекелік ертеңгілік сағаты №197 мектептің 3 «Б» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Г.Ысқақованың қатысуымен өткізілді.
Шара мақсаты: Балалардың көп ұлтты Қазақстан туралы білімдерін кеңейту, халықтар арасындағы достықты нығайту, әртүрлі ұлттардың тіліне, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын арттыру, кез келген ұлттың адамына сыйластықпен қарауға және балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, Отанын сүйюге тәрбиелеу.







