«Бірлігі бекем елдің – тірлігі берекелі»
№ 9 кітапханада Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Бірлігі бекем елдің – тірлігі берекелі» атты ииллюстарциялық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – қоғамдағы татулық пен келісімнің, халықтар достығының маңызын насихаттау, оқырмандарды бірлік пен ынтымақ құндылықтарын қадірлеуге баулу.
Аталған иллюстрациялық көрме еліміздегі түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрін, олардың өзара сыйластығы мен бейбіт өмір сүруін бейнелейтін көрнекі материалдармен толықтырылды. Көрмеде Қазақстан халқының бірлігі, ел ішіндегі тұрақтылық пен бейбітшілік тақырыбын ашатын фотосуреттер, кітаптар, дәйексөздер мен иллюстрациялар ұсынылған.
Сонымен қатар, көрме мазмұны арқылы оқырмандар ел тарихындағы ынтымақ пен татулықтың рөлін тереңірек түсініп, қазіргі қоғамдағы бірліктің маңызын сезіне алады. Бұл көрме – жас ұрпақты елжандылыққа, өзара құрмет пен достыққа тәрбиелеуге бағытталған маңызды рухани шара.
Көрме кітапхана оқырмандарына ұсынылып, көпшілікке ашық түрде ұйымдастырылды.







