«Аралдан ұшқан аққулар»
№ 20 кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтың 80 жылдық мерейтойына орай «Аралдан ұшқан аққулар» атты поэзиялық-ән кеші ұйымдастырылды.
Аталған мәдени шара Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті филология бөлімі мен кітапхана қызметкерлерінің бірлесуімен өтті.
Кештің мазмұны ерекше әсермен бастау алды. Ақынның ең алғашқы өлеңі анасына арналғаны ескеріліп, шараның кіріспесі ретінде Жұбаныш Жексенұлы орындауындағы «Анаға хат» әні таңдап алынды.
Шараға Бахтиярова Сара – филология ғылымдарының кандидаты, доцент қатысып, жастарға ақынның ғылыми еңбектері туралы кеңінен әңгімелеп, тағылымды ойларымен бөлісті.
Кеш барысында ақынның сыршыл өлеңдері оқылып, шығармашылығына арналған әндер шырқалды. Сонымен қатар ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейне-слайд көрсетіліп, көрерменге рухани әсер сыйлады. Кітапхананың белсенді оқырмандары Санақұл Бексұлтан, Мақсат Қалиев, Өтепберген Нұркелді сынды жас ақындарымыз өз арнауларын оқыды.
Қатысушылар Шөмішбай Сариевтың қазақ әдебиетіндегі орны мен рухани мұрасына тоқталып, «Ақынның рухани еңбегі қазақ халқымен бірге жасай бермек» деген тұжырымға келді.
Іс-шараның басты мақсаты – ақын шығармашылығын насихаттау, жас ұрпаққа ұлттық поэзияның құндылығын дәрі
птеу болды.
птеу болды.







