«Кітап – достық көпірі»
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қалалық мәдени демалыс паркінде «Кітап – достық көпірі» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Шараның мақсаты – көпұлтты еліміздегі бірлік пен татулықты кітап арқылы дәріптеу, оқырмандарды достыққа, өзге ұлттардың мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында «Кітап сөйлейді» атты театрландырылған көрініс қойылып, «Достық шаңырағы» бөлімінде түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен мазмұнды сахналық қойылым ұсынылды. Сонымен қатар «Қазақстан – бақытты өмір бесігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әр халықтың әдебиетінен үзінділер оқылды.
Мереке аясында қонақтарға арналған «Достық бұрышы» фотоаймағы, балаларға арналған кітап көрмесі, викториналық ойындар мен сурет салу алаңы жұмыс жасады. Шара достық тақырыбындағы әндер мен көркемөнер нөмірлеріне ұласып, мазмұнды түрде қорытындыланды.







