«Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы»
№13 балалар кітапханасы №257 мектеппен бірлесіп, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» атты әдеби монтаж өткізді.
Аталған шараға ән-әуез пәнінің мұғалімі Молдабек Аида Исенбекқызы, бастауыш сынып мұғалімдері Қапақова Гауһар, Нағметова Шынар, Алтынбекова Гүлбану, Мняжова Жанар қатысты.
Мерекелік шара би үйірмесінің өнерпаздарының қазақ биімен ашылып, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – татулық пен бірліктің ордасы» тақырыбындағы бейнебаян көрсетілді.
Ән-әуез пәнінің мұғалімі Молдабек Аида Исенбекқызының сүйемелдеуімен хор «Әрқашан күн сөнбесін», «Дос болайық бәріміз» әндерін орындап, шулы аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ән үйірмесінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, көрермендердің ықыласына бөленді.
Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары Тілеулес Раяна, Үргенішбай Асылым, Рауанқызы Жасмин, Әбілғазы Аяжан, Нұртаза Нұрханым, Әлиасқар Дамир қазақ әдебиетінің алып тұлғаларының достық, ынтымақ, бірлік тақырыбындағы өлеңдерін жатқа айтып, мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, белсенділік танытты.
Сондай-ақ еліміздегі халықтар достығын бейнелейтін «Тұрақтылық тұғыры – татулық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға кеңінен насихатталды.
Шараның мақсаты – оқушыларға ұлттар арасындағы достық, бірлік, ынтымақ, татулық туралы түсінік беру және әр ұлттың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.







