«Поэзия аспанындағы жарық жұлдыз»
№12 кітапхана С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларының қатысуымен көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Марфуға Айтқожинаның 90 жылдығына орай «Поэзия аспанындағы жарық жұлдыз» атты әдеби-танымдық поэзия кешін өткізді.
Шараның мақсаты – Марфуға Айтқожинаның бай әдеби мұрасын дәріптеу, жас ұрпақтың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, рухани тәрбие беру.
Кеш барысында оқушылар ақынның нәзік лирикаға толы өлеңдерін мәнерлеп оқып, оның шығармашылығы мен өмір жолы туралы ой бөлісті. Ақын жырларындағы туған жерге деген сағыныш, ел мен жер тағдыры, адам жанының терең иірімдері кеңінен сөз болды.