«Мен – Отан қорғаушымын»

 №3 кітапханада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Мен – Отан қорғаушымын» атты ерлік сағаты өтті. Шараға Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің оқушылары мен ұстаз Фазылова Жаңагүл Итемірқызы қатысты.
 Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, Отан алдындағы азаматтық борыш пен жауапкершілікті ұғындыру.
Шара барысында «Отан қорғаушы – бүгінгі бейбіт өмірдің сенімді тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы мағлұмат берілді. Ел қорғаған батырларымыздың ерлігі дәріптеліп, олардың өнегелі жолы үлгі етілді.
 Оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, ерлік, батылдық, намыс, отансүйгіштік сынды қасиеттер кеңінен талқыланды.


04 мамыр 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам