Кітап әлемінен- базарлық

      № 4 кітапханада оқырмандарға  жаңа кітаптарды насихаттау барысында  «Кітап әлемінен- базарлық» атты  хабарлама күні өткізілді.  Жаңа  әдебиеттердің кең көлемді кітап көрмесі жасалып,  қазақ жазушыларының  көркем  шығармалары,  қоғам қайраткері Ә.Бөкейханның,  Ж.Ерманның,   Р.Сейсенбаевтың, М.Кемелдің ақыл-ой парасат кітаптарына  шолу жасалып таныстырылды. Кәсіпкерлерге мотивация,  менеджмент қалыптастыру, тиімді маркетинг жайлы жазылған  Б.Бұқарбайдың «Күнкөрістен кет, байлыққа жет!», А.Әлмембеттің «Берекелі бизнестің сыры»,  К.Бекжігітованың «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт», Е.қарабаеваның «Мені жоспарла», Д.Мәрфидің «Сіз бай бола аласыз»,  А.Рысмендиевтің  «Өрлеу», «Кәсіпкерлік құпиясы», «Кризистен шығудың 7 жолы»,  Қ.Шонбайдың «Екінші болма!» т.б кітаптары оқырмандар қызығушылығын кеңінен тудырды.  


26 маусым 2019 ж. 1 168

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам