«Ер – елінің қорғаны»
№1 кітапхана Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің 10 «А» сынып оқушыларының қатысуымен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ер – елінің қорғаны» атты ерлік сағатын өткізді.
Шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа мемлекеттік мерекенің мән-маңызын түсіндіру, Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихымен таныстыру, сондай-ақ оқушыларды батырлыққа, қайсарлыққа, елжандылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқырмандарға еліміздің шекарасын күзетіп жүрген сарбаздар туралы бейнебаян көрсетіліп, Қарулы Күштердің қалыптасу тарихы жайлы мәліметтер берілді. Сонымен қатар Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің өмірі мен ерлігі таныстырылды.
Оқушыларға болашақ әскери мамандарды даярлайтын Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институты мен әскери колледж туралы ақпарат ұсынылды. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Нұрлан Иманғалиев шеберлік сабағын өткізіп, тәжірибелік дағдыларымен бөлісті.
Әскери мамандыққа қызығушылық танытқан оқушылар Тұрсынбай Айдана мен Омаров Ерғали автоматты бөлшектеу және жинау тәсілдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, өз білімдерін жетілдірді. Іс-шара аясында тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер кеңінен насихатталды.







