«Тарихтың дастаны – Жеңістің жалауы»
№6 кітапхана 9 мамыр – Жеңіс күніне орай К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Тарихтың дастаны – Жеңістің жалауы» атты ерлік сағатын өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысының тарихын таныстыру, елін қорғаған батырлардың ерлігін дәріптеу және отансүйгіштік рух қалыптастыру.
Шара барысында оқушыларға соғыс жылдарындағы тарихи оқиғалар кеңінен таныстырылып, майдан даласында ерлік көрсеткен батырлар туралы мазмұнды мәліметтер берілді. Сонымен қатар, «Ерлік – елге мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, соғыс жылдары мен батырлар ерлігі туралы кітаптар мен тарихи деректер оқырмандар назарына ұсынылды. Оқушылар патриоттық тақырыптағы өлеңдер оқып, әндер орындап, өз ойларымен бөлісті.










