«Ерлік шежіресі – ұрпаққа ұлағат»
А.С. Пушкин атындағы орталық кітапхана Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі студенттерінің қатысуымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай «Ерлік шежіресі – ұрпаққа ұлағат» атты әдеби оқу өткізілді.
Шара барысында студенттер соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқып, тарихи деректермен бөлісіп, батырлар туралы мазмұнды баяндама жасады. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі туралы пікір алмасып, патриоттық рухтарын нығайтты.
Іс-шара мақсаты – жастарға тарихи жадыны дәріптеп, отансүйгіштік сезім қалыптастыру.







