«Ерлік пен Жеңіс – мәңгілік тарих»
№4 кітапханада 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ерлік пен Жеңіс – мәңгілік тарих» атты кітап көрмесі өтті.
Көрмеде соғыс жылдарындағы тарихи деректер мен батырлар ерлігі таныстырылып, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова туралы мәліметтер ұсынылды.
Оқушылар Жеңіс тақырыбындағы өлеңдер оқып, батырларға құрмет көрсетті.
Бұл шара – ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі.







