«Бейбітшілік – ел тірегі»
№14 кітапхана Белкөл кенті клубымен бірлесіп, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тірегі» атты мерекелік концерттік кеш өтті.
Шара барысында әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін дәріптейтін әндер орындалып, ұлттық билер ұсынылды. Оқушылар кітап көрмесімен танысып, халықтар достығы кеңінен насихатталды.
Мерекелік кештің басты мақсаты – ел бірлігі мен татулықтың маңызын дәріптеп, жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу.







