«Жеңістің рухы биік – даңқы мәңгі»

 №3 кітапханада 9 мамыр – Жеңіс күніне орай, «Жеңістің рухы биік – даңқы мәңгі» атты патриоттық сағат болып өтті. Шараға Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің оқушылары қатысты.
 Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру,  Жеңіс күні мерекесінің маңызын түсіндіру. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлықты насихаттау, ардагерлердің ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
 Шара барысында «Бейбіт өмір – Жеңістің ең қымбат сыйы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, соғыс жылдарындағы тарихи деректер айтылып, ел қорғаған батырлардың ерлігі туралы мәліметтер берілді. Оқушылар тақырыпқа сай өлеңдер оқып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, ерлік, батылдық, намыс, отансүйгіштік сынды қасиеттері кеңінен талқыланды.
06 мамыр 2026 ж. 30

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам