«Қазақтың қайсар қыздары»
№13 балалар кітапхана және №176 орта мектеп бірлесіп, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Қазақтың қайсар қыздары» атты ерлік сағатын өткізді.
Шара барысында Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова сынды қаһарман қыздарымыздың ерлігі насихатталып, бейнебаян көрсетілді. Оқушылар батыр қыздарға арналған өлеңдерді мәнерлеп оқып, өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, «Қазақтың батыр қыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, олардың өнегелі өмір жолы таныстырылды.
Мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастыру.







