«Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс»
№15 кітапхана Талсуат клуб үйімен бірлесіп «Ұрпақтар ұмытпайтын – Ұлы Жеңіс» атты танымдық кеш ұйымдастырды. Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан майдангерлердің рухына тағзым етуге арналған маңызды рухани шара Мәңгілік алау ескерткішінің жанында өтті.
Шара барысында «Майдангер рухына мәңгілік тағзым» атты кітап көрмесі көпшілікке кеңінен таныстырылды. Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа батырлардың ерлігін насихаттап, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру. Көрмеге соғыс жылдарындағы тарихи деректер, ардагерлердің өмір жолы мен естеліктері, көркем әдеби шығармалар және құжаттық кітаптар қойылды. Сонымен қатар қазақ халқының батыр ұл-қыздарының ерлігі туралы еңбектер таныстырылды.







