«Мәңгі ел есінде – Ұлы Жеңіс»
№12 кітапхана С.Толыбеков атындағы №3 IT мектеп-лицейінің 5 «А» сынып оқушыларының қатысуымен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Мәңгі ел есінде – Ұлы Жеңіс» атты танымдық сағат өткізді.
Шара барысында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен батырлардың қаһармандық жолы кеңінен насихатталды. Оқушыларға Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды батырлардың ерліктері туралы бейнеролик көрсетіліп, Отан туралы патриоттық өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, бейбіт өмірдің қадірі мен елге қызмет етудің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, тарихи сананы жаңғырту және аға буын ерлігіне құрмет көрсету.







