«Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат»

 №16 кітапхана 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат» атты әдеби дайджест өтті. Шараға Т.Жүргенов атындағы №136 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.
 Шара барысында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік пен батырлық туралы бейнеролик көрсетіліп, Жеңіс жолында жан аямай күрескен қазақстандық қаһармандар жайлы мәлімет берілді. Сонымен қатар кітапхана қорындағы Т.Көлбаевтың «Өшпес даңқ»,  «Қаһарман қыз Хиуаз», Қ.Шәріповтың «Қаруластар», Ә.Нұршайықовтың «Боздақтар», «Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев» және басқа да әдебиеттер кеңінен насихатталды.
 Шараның мақсаты – оқырмандарға Ұлы Отан соғысы туралы мағлұмат беру, қазақстандық батырлардың ерен ерлігін дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
08 мамыр 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам