» » «Есімі – аңыз, ерлігі – дастан батырлар!»

«Есімі – аңыз, ерлігі – дастан батырлар!»

 №17 кітапханада Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай 5547 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен «Есімі – аңыз, ерлігі – дастан батырлар!» атты ерлік сабағы болып өтті.
 Шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халық басынан өткен қасіретті еске алып, жастарды Отанын сүюге, елін қорғауға, патриоттық рухта тәрбиелеу және ардагерлерге құрмет көрсету. 
 Ерлік сабағы рота командирінің орынбасары, лейтенант Әбілхан Ернұрдың басқаруымен Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтарды 1 минут үнсіздікпен еске алудан басталды.
 Іс-шара барысында «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы Қарлығаш  Махамбетжанқызы библиографиялық шолу жасап, көрмедегі әдебиеттерді таныстырды. Сонымен қатар «Бақытты балақай» бөбекжай балабақшасының «Балдырған» мектепалды тобының бүлдіршіндері Жеңіс тақырыбындағы өлеңдерін оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
 Шара соңында тәрбиеші Тұрғанбекова Нұрбике сарбаздарға алғыс білдіріп, ел тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарға зор денсаулық, мықты рух және қызметтеріне сәттілік тіледі.
08 мамыр 2026 ж. 31

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам