«Құрметте Жеңіс ерлерін»
№11 кітапханада 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Құрметте Жеңіс ерлерін» атты танымдық сағат болып өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпақты Отанын, елін сүюге тәрбиелеу. Сонымен қатар, қаһарман жауынгерлердің жанқиярлық ерліктерін ардақтап, олардың өшпес рухына тағзым ету, патриоттық тәрбие беру.
Шара барысында соғыс жылдарындағы тарихи оқиғалар туралы мәлімет беріліп, ерлік көрсеткен батырлардың өмірі жолы мен еңбектері таныстырылды. Ұлы Отан соғысы тарихының маңызы, халықтың отансүйгіштік қасиеті, қаһармандардың ерлігі мен еңбегі насихатталды.
Шараға №215 мектептің 7 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Г.Малкенова қатысты. Сонымен қатар «Кітаптар соғыс жайлы сыр шертеді» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды.








