«Ер даңқы – ел жүрегінде»
№2 балалар кітапханасы Ұлы Жеңіс күні және Панфиловшылар дивизиясының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Ер даңқы – ел жүрегінде» атты кітап көрмесіне шолу ұйымдастырды.
Көрмеге қазақ халқының батырлары мен ел қорғаған қаһармандары туралы тарихи, көркем және деректі әдебиеттер қойылды. Шолу барысында оқырмандар батырлардың өмір жолы, ерлігі мен қайсарлығы жайлы мәліметтермен танысты.
Кітап көрмесінде халқымыздың біртуар батырлары – Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Иван Панфилов секілді ерлердің ерлігі туралы шығармалар оқырман назарына ұсынылды. Көрме мазмұны арқылы оқырмандар туған жерді сүю, елге қызмет ету, ерлік пен бірлік ұғымдарының маңызын терең түсіне алды.
Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа батыр бабаларымыздың өнегелі өмірін таныстыру, олардың ерлік істерін үлгі ету және патриоттық тәрбие беру.







