«Отбасы – ұлағат ұясы»

 №7 кітапханада 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – ұлағат ұясы» атты поэзия кеші болып өтті.
Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрметті арттыру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына ұлттық тәрбие мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
 Шара барысында Тәжімбетова Ақтолқын апай жетекшілік еткен 4 «А» сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Жас оқырмандар отбасы тақырыбындағы өлеңдерді мәнерлеп оқып, ән шырқап, би биледі. Сонымен қатар отбасы, ата-ана, туған жер туралы мақал-мәтелдер айтылып, тағылымды ойлар мен ұлағатты сөздер насихатталды.
«Отбасы – ұлағат ұясы» атты бұл рухани кеш көрермен көңілінен шығып, тәрбиелік мәні зор, әсерлі кездесу болды.
12 мамыр 2026 ж. 18

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам