«Заң бәріне ортақ»

 №4 кітапханада «Заң бәріне ортақ» атты құқықтық сағат болып өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық жауапкершілігін арттыру және құқық бұзушылықтың алдын алу.
 Шара барысында оқушыларға заң, құқық, міндет және жауапкершілік туралы түсініктер беріліп, еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясы жөнінде мәліметтер айтылды. Оқырмандар заңды сақтау, қоғамдық тәртіпті құрметтеу және адам құқықтарын қорғау туралы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, мақал-мәтелдер айтылып, қатысушылар белсенділік танытты. Шара аясында тақырыпқа сай кітап көрмесі таныстырылды.
12 мамыр 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам