«Дән патшасы – Ыбырай»

 №13 балалар кітапханасы №11 мектеп-лицей кітапханасымен бірлесіп, Социалистік Еңбек Ері, ақ күріштің шебері Ыбырай Жақаевтың 130 жылдығына орай «Дән патшасы – Ыбырай» атты ақпараттық-танымдық сағатын өтті. Аталған шараға №11 мектеп-лицейінің 7 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
 Шараның мақсаты – оқырмандарды Ыбырай Жақаевтың өнегелі өмірімен таныстыру, есімін ұлықтау, жас ұрпақты еңбекке баулу және еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу.
 Шара барысында мағыналы ғұмыр кешіп, артына өшпестей із қалдырған диқан атамыз Ыбырай Жақаевтың өмірі мен еңбек жолына арналған бейнебаян LED экран арқылы көрсетілді.
 Сонымен қатар «Ақ күріштің атасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, Сыр өңірінің мақтанышы атанған Ыбырай Жақаевтың өмірі мен ерен еңбегі туралы әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды.
Кітапханашы Бақтыгүл Жалмағанбетқызы Ыбырай Жақаевтың еңбек жолындағы жетістіктері мен қиындықтары туралы айтып, оқушыларды адал әрі табанды еңбек етуге шақырды.
13 мамыр 2026 ж. 12

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам