«Туған жерге құрмет – елге қызмет»

ҒАСЫР ҰСТАЗЫНА ҚҰРМЕТ!
 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Қалалық кітапханалар жүйесіне қарасты ауылдық кітапханалардың ұйымдастыруымен «Ауыл Life» жобасы аясында «Туған жерге құрмет – елге қызмет» тақырыбында тағылымды әдеби кездесу кеші өтті.
 Кештің басты мақсаты – тыл ардагері, ұлағатты ұстаз, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, Қызылорда қаласының құрметті азаматы Қадір Әмзеұлының өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, елге сіңірген еңбегін дәріптеу болды.
 Шара барысында Қадір Әмзеұлының саналы ғұмыры, ұстаздық жолдағы еңбегі мен туған жерге деген жанашырлығы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, естеліктермен бөлісілді. 
 Кешке Қадір Әмзеұлының достары мен студенттік шақтағы группаласы Қалиев Кенжебай арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар, шәкірті Тоқсанбаева Бейсенкүл ұстазына құрмет көрсетіп, иығына шапан жауып, ақжарма тілегін арнады. Кездесу барысында қатысушылар ардагер ұстаздың адамгершілік қасиеті мен елге сіңірген еңбегі жайлы ой бөлісіп, жастарға тағылымды пікірлер айтты.
 Әдеби кеште арнау өлеңдер оқылып, кітап көрмесі, бейне салйд ұйымдастырылып, қатысушыларға рухани әсер сыйлаған мазмұнды сұхбат өрбіді. Осындай тағылымы мол шаралар арқылы жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу көзделді.
 Кеш соңында Қалалық кітапханалар жүйесінің директоры Рахметова Гульмира қорытынды сөз сөйлеп, кеш қонағына сый сияпат жасап,  қонақтарға алғысын білдіріп, мұндай рухани кездесулердің тәрбиелік маңызы зор екенін атап өтті. 
13 мамыр 2026 ж. 26

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам