«Экософия немесе киелі табиғат құпиялары»
№1 кітапханада «Экософия немесе киелі табиғат құпиялары» атты танымдық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – жаратылыстану саласындағы әдебиеттерді насихаттау, оқырмандарды туған өлкеміздің табиғатын, киелі жерлерін қорғауға, аялауға тәрбиелеу. «Экософия» сөзінің түп-төркінін түсіндіру, экологиялық білім беру.
Іс-шара барысында табиғат пен жан-жануар әлемі туралы қызықты қисса мен аңыздар әңгімеленіп, адамзаттың ортақ дүниесі болып саналатын өсімдік пен жан-жануар әлеміне қасаң биологиялық көзқараспен емес, жаратылысқа рухани құндылық ретінде қарау қажеттілігі түсіндірілді. Оқырмандар адамзаттың ортақ үйі – жер шарын, табиғатты қорғауға, аяулауға, қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақырған мазмұнды шараны зор қызығушылықпен тыңдап, әсерлерімен ой бөлісті. Тақырып аясында жасақталған көрмедегі танымдық кітаптармен танысып, тылсым табиғат әлеміне саяхат жасады.







