«Бала мен шағала»
№13 балалар кітапханасы белгілі қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Жақау Дәуренбековтің 80 жылдығына орай «Бала мен шағала» әңгімесі бойынша кітап талдау өткізді. Шараға №257 орта мектептің 6 «В» сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Роза Мақсұтқызы қатысты.
Шараның мақсаты – Жақау Дәуренбековтің өмірі мен шығармашылығын насихаттап, жас ұрпақты рухани мұрамен сусындату.
Іс-шара барысында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, «Қаламгер қазынасы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Оқырмандар шығарма бойынша сұрақтарға жауап беріп, постер қорғап, өз ойларымен бөлісті. Шығармадағы бала мен шағаланың достығы арқылы табиғатты аялау, мейірімділік, батылдық пен үміт тақырыптары кеңінен талқыланды.







