«Ізденіс пен ізгілік»

 №20 кітапхана педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қызылорда облысының құрметті азаматы Әли Мүсілімұлының 85 жылдығына орай «Ізденіс пен ізгілік» атты кітабына библиографиялық шолу жасады. Шараға Ә.Мүсілімұлы атындағы №101 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушылары қатысты.
 Шара барысында ұстаздың балалық шағына арналған «Біз де бала болғанбыз» атты деректі хикаятының мазмұны кеңінен таныстырылып, бұл шығарманы жазуға не себеп болғаны туралы айтылды. Әли Мүсілімұлының өз өмірбаяндық деректері негізінде балаларға арнап жазылған бұл әңгімесі өнегелі өмір жолын арқау етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне мол тағылым беретін мәнді оқиғаларға толы.
 Елін сүйген, елі үшін, елінің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, халқының ықыласына бөленген, өңірдің білім саласының дамуына сүбелі үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әли Мүсілімұлының есімін мақтанышпен айту – өскелең ұрпаққа өнеге. 
15 мамыр 2026 ж. 16

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам