«Отбасы – бақыт мекені»

 №3 кітапханада 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу кеші өтті. Шараға Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
 Шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттап, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, ұлттық тәрбие мен отбасы бірлігінің маңызын дәріптеу.
 Кеш қонақтары – республикалық ақындар айтысының жүлдегері, әнші-термеші, айтыс ақыны Жұмабай Әбілғазыұлы Шерниязов пен республикалық хор конкурстарының лауреаты, №31 «Алтын кілт» бала-бақшасының музыка жетекшісі  Дина Балғабекқызы Шерниязова отбасы тәрбиесі, сыйластық пен өнердің тәрбиелік мәні туралы тағылымды ойларымен бөлісті.
 Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, отбасы тақырыбындағы әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.
15 мамыр 2026 ж. 15

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам