«Отбасымызбен кітап оқимыз»
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасымызбен кітап оқимыз» атты отбасылық оқырмандар көрмесі болып өтті. Шараға Алиева Ләйла, Құдайбергенов Ақсері, Ахметова Бану, Есмаханов Жалғасбай, Төлепов Берік, Әбдиев Бахытжан отбасыларымен қатысты.
Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыру.
Көрмеге отбасы тәрбиесі, ұлттық құндылықтар, бала тәрбиесі, қазақ әдебиеті, ертегілер мен танымдық кітаптар қойылып, оқырмандарға таныстырылды. Кітапханашы Төлендиева Дана көрмедегі әдебиеттерге шолу жасап, кітаптың отбасы тәрбиесіндегі маңызы туралы әңгімеледі.
Шара барысында оқырмандар өз отбасындағы кітап оқу дәстүрлері жайында ой бөлісіп, сүйікті кітаптары туралы пікір алмасты.







