«Бір ел – бір кітап»
№16 кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романы бойынша кітап талдау болып өтті. Шараға Т.Жүргенов атындағы № 136 мектеп-лицейдің оқушылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.
Шара барысында қазақтың халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің өмір жолы мен шығармашылығы жайлы тоқтала келіп, төрт бөлімнен тұратын «Тағдыр» романындағы екі алып империяның қазақ даласын екіге бөліп, шекара сызығын жүргізу кезеңі, одан кейінгі қазақ халқының тағдыры, сол тұста орын алған алауыздық пен рушылдық, романның басты кейіпкері Демежанның жеке өміріндегі болған қиындықтар жайлы талдау жасалып, қатысушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, оқырмандар «Жыл кітабымен танысайық» атты кітап көрмесімен танысты.
Шараның мақсаты – оқырмандарға Қ. Жұмаділовтың шығармаларын насихаттай отырып, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.