«Әуенмен өрілген ғұмыр»

 №6 кітапхана қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, талантты сазгер Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдық мерейтойына орай К.Қаракөзов атындағы №235 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары арасында «Әуенмен өрілген ғұмыр» атты танымдық сағат өткізді.
 Іс-шараның мақсаты – сазгердің өмір жолы мен шығармашылығымен таныстыру, қазақ музыка өнеріне деген қызығушылығын арттыру, ұлттық өнерді насихаттау.
 Шара барысында композитордың өмірбаяны, қазақ эстрадасы мен музыка өнеріне қосқан зор үлесі туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, Кеңес Дүйсекеевтің халық жүрегінен орын алған әндері орындалып, шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетілді.
 Оқушылар композитор әндерінің шығу тарихымен танысып, өнер мен музыка туралы өз пікірлерімен бөлісті. Шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
15 мамыр 2026 ж. 18

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам