«Дән қадірін бағалай білген диқаншы»
№2 кітапхана Еңбек Ері, даңқты күрішші, Ыбырай Жақаевтың туғанына 135 жыл толуына орай, «Дән қадірін бағалай білген диқаншы» атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды. Шараға Абылайхан атындағы №140 орта мектептің 3 «А» сынып оқушылары, сынып жетекшісі ЖанарТұрсынова қатысты.
Шараның мақсаты – өнегелі өмір жолын, еңбекқорлығы мен елге сіңірген еңбегін насихаттау, тағылымға толы нақыл сөздері арқылы жас ұрпақты адал еңбекке, төзімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Шара барысында Ыбырай Жақаевтың қанатты сөздерін мәнерлеп оқып, олардың тәрбиелік мәні мен мағынасына терең тоқталды. Қатысушылардың көркем оқу шеберлігі, дауыс ырғағы мен сахна мәдениеті бағаланды. Сақтапберген Балхадиша, Бауыржанова Ханшайым және Диханбай Алинұр ерекше өнер көрсетіп, кітапхана тарапынан арнайы сыйлықтармен марапатталды.







