«Біз өмірдің гүліміз»

 №13 балалар кітапханасы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын, аудармашы Әнуарбек Дүйсенбиев туғанына 95 жыл толуына орай «Біз өмірдің гүліміз» атты әдеби шолу өтті. Шараға №257 орта мектебі 6 «В» сынып оқушылары мен ұстаздар қатысты.
 Шара барысында қаламгердің өмірі мен шығармашылығына кеңінен шолу жасалып, мазмұнды бейнебаян көрсетілді. Оқушылар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Құйыршық» ертегісінен сахналық көрініс қойды. Сонымен қатар «Ақ мамам» әні хормен орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
 Шараның мақсаты – жас оқырмандарға ақын шығармаларын насихаттау, балалар әдебиетіне қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу және елжандылыққа тәрбиелеу. 
18 мамыр 2026 ж. 19

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам