«Еңбектің ерен үлгісі – Ыбырай Жақаев»
№4 кітапханада Еңбек Ері, даңқты күрішші Ыбырай Жақаев туғанына 135 жыл толуына орай «Еңбектің ерен үлгісі – Ыбырай Жақаев» атты ауызша журнал болып өтті.
«Балалықтан басталған еңбек жолы», «Күріш атасының даңқы», «Ұрпаққа өнеге» атты үш бөлімнен тұратын шара барысында Ыбырай Жақаевтың балалық шағы, еңбек жолы және күріш шаруашылығындағы жетістіктері туралы кеңінен мәлімет берілді. «Күріш атасы» атанған даңқты диқанның ерен еңбегі мен өнегелі ғұмыры таныстырылып, еңбек туралы мақал-мәтелдер айтылып, арнау өлеңдер оқылды.
Шараның мақсаты – еңбек майталманы өмір жолын, елге сіңірген еңбегін насихаттау, оқырмандарды еңбекқорлыққа, адалдыққа, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеу.








