«Даңқы өшпес дивизия»
№5 кітапханада атақты Панфиловшылар дивизиясының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Даңқы өшпес дивизия» атты ерлік сабағы болып өтті.
Шараның мақсаты – жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырлардың өшпес ерлігін насихаттау, Отан үшін көрсеткен жанқиярлық еңбегін үлгі ету, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру. Сонымен қатар тарихи тұлғалардың өнегелі өмірі арқылы жас буынды батылдыққа, ерлікке, туған жерін қадірлеуге тәрбиелеу.
Ерлік сабағында Иван Панфилов басқарған атақты Панфиловшылар дивизиясының Мәскеу түбіндегі жанқиярлық ерлігі туралы айтылып, батыр жауынгерлердің қайсарлығы мен елге деген шексіз сүйіспеншілігі кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар қазақтың қаһарман ұлдары – Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин сынды ерлердің ерлігі дәріптелді.
Шара барысында кітап көрмесі ұйымдастырылып, соғыс тақырыбындағы шығармаларға шолу жасалды. Қатысушылар патриоттық өлеңдер оқып, тарихи мәліметтермен танысты.







