«Жамбыл поэзиясы – рухани қазына»

 №6 кітапхана Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына орай И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі студенттері арасында «Жамбыл поэзиясы – рухани қазына» атты поэзия кешін өтті.
 Іс-шараның мақсаты – жастарға Жамбыл Жабаев шығармашылығын насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар, ақын мұрасы арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық сана мен мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру.
 Шара барысында студенттер Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тағылымды мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, жыр алыбының ел бірлігі, отансүйгіштік, адамгершілік тақырыбындағы шығармалары кеңінен талқыланды. Кеш аясында көркем әдеби композициялар қойылып, қатысушылар ақын мұрасының қазақ әдебиетіндегі орны ерекше екенін атап өтті.
19 мамыр 2026 ж. 17

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам