«Көшпенділер көшіндегі кемеңгер»

№17 кітапхана Қызылжарма мәдениет үйінің қызметкерлері және «Білім-Kids» білім орталығы мұғалімдерінің қатысуымен қазақ әдебиетіндегі тарихи роман жанрын жаңа биікке көтерген көрнекті қаламгернің әйгілі «Көшпенділер» трилогиясына – 50 жыл толуына орай «Көшпенділер көшіндегі кемеңгер» атты кітаптрейлер ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – оқырмандарды қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларымен таныстыру, тарихи шығармаларға деген қызығушылықты арттыру, кітап оқуды насихаттау және ұлттық тарих пен әдеби мұраға деген құрметті нығайту. 
Шара барысында оқырмандар жазушының «Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар» романдарының мазмұны мен тарихи маңызын ашып көрсететін арнайы дайындалған бейнероликті тамашалап, халқымыздың қилы кезеңдердегі тағдырымен, ел тәуелсіздігі жолындағы күресімен тереңірек танысты. Қатысушылар шығарманың негізгі идеялары төңірегінде пікір алмасып, хандар мен батырлардың ұлт тарихындағы орны туралы тағылымды ойларын ортаға салды. Әдеби туындылардағы елдік рух, азаттық мұраты мен ұлттық құндылықтар кеңінен насихатталды.
Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесінде оқырмандар қазақ әдебиетінің алтын қорына енген Ілияс Есенберлиннің таңдаулы шығармаларымен жақынырақ танысып, өздеріне қажетті әдебиеттерді таңдауға мүмкіндік алды. 
22 мамыр 2026 ж. 58

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам