«Жер анаға борыштымын»
№20 кітапханада Сыр өңірінің даңқты диқаншысы Ыбырай Жақаевтың 135 жылдығына орай «Жер анаға борыштымын» атты таным сағаты болып өтті.
Шара барысында оқырмандарға ақ күріштің атасы атанған Ыбырай Жақаевтың ерен еңбегі мен өнегелі өмірі таныстырылды. Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған даңғайыр диқанның ел экономикасы мен ауыл шаруашылығын дамытудағы еңбегі кеңінен айтылды. Сонымен қатар оның Ұлы Отан соғысы жылдарында Отан қорғау қорына қаржылай көмек көрсеткені, «Жақаев агротехникасы» атты күріш өсіру әдісін өндіріске енгізгені туралы мәліметтер берілді.
Танымдық шараға «Арай» бастауыш мектебінің оқушылары қатысып, еңбек ардагерінің нақыл сөздерін оқып, өмір жолына арналған деректі фильмді тамашалады. Шараның мақсаты – жас ұрпаққа еңбекқорлықты дәріптеп, тарихи тұлғалардың өнегелі өмірін насихаттау.







