«Жусан исі»
№13 балалар кітапханасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтің 90 жылдығына орай «Жусан исі» повесінен кітап талдау өтті.
Шараға Нәлқожа Ергешбаев атындағы №172 орта мектебінің 5 «А» сынып оқушылары мен қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Жанетова Анар Таңжарыққызы қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар шығарма мазмұнын талдап, кейіпкерлер тағдыры мен туындының тәрбиелік мәні туралы өз ойларымен бөлісті. Шығармадағы соғыс жылдарындағы жетімдік, туған жерге деген сағыныш, мейірім мен достық тақырыптары кеңінен сөз болды.
Кеш аясында «Жусан исі» повесі негізінде ЖИ технологиясымен әзірленген қысқаметражды мультфильм көрсетіліп, «Балалармен сырласқан сырбаз жазушы» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Шараның мақсаты – оқырмандарды Сайын Мұратбеков шығармаларымен тереңірек таныстырып, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру, талдау қабілетін дамыту.







