«Жол апатынан абай бол»

 №2 кітапхана Абылайхан атындағы №140 орта мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Жол апатынан абай бол» атты танымдық викториналық ойын өтті.
 Шара барысында жас оқырмандар жол белгілері, жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, бағдаршам қызметі мен көлік қозғалысындағы қауіпсіздік талаптары бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынға салды. Қызықты ойын элементтері мен логикалық тапсырмаларға құрылған викторина оқушылардың белсенділігін арттырып, жол қозғалысы ережелерін есте сақтауға ерекше ықпал етті.
 Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді жол-көлік оқиғаларынан сақтандыру, көшеде өзін дұрыс ұстауға үйрету және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
22 мамыр 2026 ж. 21

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам