«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті»
№1 кітапханада Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейдің ұстаздары мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты ақпараттық сағат болып өтті.
Шараның мақсаты – жасөспірімдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтың мәдениеті мен белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, заң бұзушылыққа қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Шара барысында оқырмандарға сыбайлас жемқорлықтың ұғымы, оның қоғамға тигізетін зияны туралы ақпараттар беріліп, онымен күресу тек заң талабы ғана емес, әр азаматтың ары мен ұяты, өмірлік ұстанымы екендігі айтылды. Заң саласындағы әдебиеттер насихатталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.







