«Зұлмат жылдар жаңғырығы»

 №2 кітапханада 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай халқымыздың қасіретті тарихынан сыр шертетін «Зұлмат жылдар жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараға Жаппасбай Нұрсейітов атындағы №233 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Утеева Гаухар және 4 сынып оқушылары қатысты.
 Көрмеге саяси қуғын-сүргін, ашаршылық нәубеті, Алаш арыстары, тарихи деректер, естеліктер және мерзімді басылымдар қойылды. Сонымен қатар қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды.
 Шолу барысында жас оқырмандар халқымыз бастан өткерген ауыр кезеңдердің зардабы мен ел тәуелсіздігі жолындағы күрес туралы тың мәліметтер алып, тарихи саналарын тереңдете түсті. Тағылымды шара өскелең ұрпақтың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ел өткеніне құрметпен қарауға үндеді. 
22 мамыр 2026 ж. 72

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам