«Қартқожа» романы

№3 кітапханада Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» романы бойынша оқырмандар конференциясы Ә.Молдағұлова атындағы №173 мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. 
 Шараның мақсаты –  шығарманың идеялық мазмұнын таныту, тарихи кезең шындығын түсіндіру және кейіпкерлер әлемін талдау. 
Шара барысында романның тақырыбы мен идеясын талдап, бас кейіпкер Қартқожаның өмір жолына тоқталды. Шығармадағы қазақ халқының төңкеріс алдындағы ауыр тұрмысы, білімге ұмтылыс, әділдік іздеу мәселелері кеңінен сөз болды. Сонымен қатар, қатысушылар жазушының көркемдік шеберлігі мен тарихи шындықты бейнелеу ерекшеліктері туралы пікір алмасты. Оқушылар романнан үзінділер оқып, өз ойларын ортаға салды. Конференция жас ұрпақты кітап оқуға қызықтырып, ұлттық әдеби мұраға деген құрметті арттыруға ықпал етті. 
23 мамыр 2026 ж. 13

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам