» » «Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер»

«Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер»

 №13 балалар кітапханасы Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінде 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Ұрпақтарымен мәңгі жасайтын есімдер» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
 Тағылымды шараға №11 мектеп-лицейінің 10 «Ә» сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Мұратбек Нұрлыбек қатысты.
Көрме барысында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларының халқымыз үшін атқарған ерен еңбектері, олардың тағдыр тауқыметі мен қилы кезеңдерде бастан кешкен қиыншылықтары туралы мәлімет берілді. «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты кітап көрмесіне қойылған мақалалар мен кітаптар оқырман назарына ұсынылды. Тарих пәні мұғалімі Мұратбек Нұрлыбек тағдыры  тәлкекке түскен қазақ зиялылары мен 1932–1933 жылдардағы ашаршылықтың халқымызға әкелген орны толмас қасіреті туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Сондай-ақ, қуғын-сүргін құрбандарының өмірі мен ел тарихындағы нәубетті кезеңдер жайында тарихи деректер келтіріп, өткенге құрмет көрсету – әр ұрпақтың азаматтық парызы екенін атап өтті.
 Шараның мақсаты – зобалаң жылдарды бастан кешкен халқымыздың қайғы-қасіреті мен тар жол, тайғақ кешу тарихын жас ұрпаққа насихаттау, жастарды елжандылыққа және тарихты терең зерделеуге тәрбиелеу. 
23 мамыр 2026 ж. 15

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам